Қарағанды «Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» ҚМК жұмысшылары тоғыз балалар алаңын жөндеді. Соның ішінде үшеуіне жаңа төсем төселсе, қалған алтауы - бұрынғы қалпына келтірді. Жұмыстар жазы бойы жүргізіліп, күзде аяқталды.
«Барлығы 1498 шаршы метр ескі жасанды жабын жаңасына ауыстырылды. Бұдан бөлек, 2 228 шаршы метр алаңда төсемдерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді», - деді кәсіпорын директоры Рустам Көдебаев.
Бұдан бөлек, кәсіпорын street workout сабақтарына арналған төрт алаңға жабын төсеу үшін мердігерлер арасында конкурс өткізді. Сондай-ақ, жазда гүлзарлар мен саябақтарда аумағы 10 мың шаршы метр тас төсемдер ауыстырылды.