«Қоғамдық орындарда пышақтар қадап жүрген әйелге әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 8, 418 мың теңге айыппұл салынды. Оқиға Университет және Язев көшелерінің қиылысында болған. Қарағандылық әйел ҚарМУ алдындағы гүлзарға 127 пышақ қадап, ұсақ бұзақылық жасаған», - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз хатшысы Гүлбаршын Жітікова.
Еске сала кетейік, елді дүрліктірген оқиға Қарағандыда жаздың ортасында болды. Қарағандының тұрғыны балалар алаңында жерге қадалған 72 пышақты байқап, дабыл қаққан. Бір аптадан соң оқиға қайталанды. Бұл жол гүлзар арасынан 36 пышақ табылды.
Полиция қызметкерлері 68 жастағы әйелді ұстады. Ол ауыратын аяғын осындай дәстүрлі емес медицина әдісімен емдемек болғанын және мұны журналдардың бірінен оқығанын айтқан.