Қарағандыда балалар реаниматологын көлік қағып кетті

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда жас жүргізуші жұмысына кетіп бара жатқан дәрігерді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Операцияға асығып бара жатқан балалар реаниматологының жағдайы ауыр деп бағалануда.

15тамызда «Мazda» көлігінің 18 жастағы жүргізушісі Ержанов көшесімен Газалиевкөшесіне қарай келе жатқанда, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында 55жастағы қала тұрғынын қағып кетті.

Жол-көлікоқиғасы салдарынан түрлі дене жарақатын алған зардап шегуші медициналықмекемеге жеткізілді. Белгілі болғандай, ол ота жасауға асығып бара жатқанреаниматолог дәрігер болып шықты.

«Қазірол Мақажанов атындағы травматология орталығының жансақтау бөлімінде жатыр. Төтеншежағдай операцияға шақырған аурухананың маңында болған. Ер адамның қолы мен аяғысынып, басы жарақаттанған. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр», - деп хабарладыҚарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аталғанфакті бойынша, ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарыбасталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар