Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
«Кішкентай бала шамамен сағат 18.30-да ми шайқалу, бүйрек пен іш және беті жарақаттану белгісімен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккеннің өзі мәлім еткендей, ол абайсызда 2-ші қабаттағы дәретхананың терезесінен құлап кеткен», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, баланың жағдайы қалыпты. Полиция бұл оқиғаны «жазатайым» деп белгіледі.
«Аталған факті бойынша қосымша тексеру жүргізілуде, осыған орай процессуалды шешім қабылданатын болады», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.