Ол «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Кекушинкай карате Бүкілқазақстандық ұйымы» РҚБ қаражаты есебінен салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әр аулаға карате» әлеуметтік жобасы өз жұмысын 2017 жылы бастады. Сол кезде Оңтүстік-Шығыста «Намыс» бірінші клубы ашылды. Осы жазда Саранда «Ақбарс» кешені салынды.
«Жоба үлкен аулаларда шағын залдар салуды көздейді. Осының арқасында үйдің жанындағы балалар спорт секцияларына қатысуға мүмкіндік алады. Ал бұл ата-аналар үшін де ыңғайлы. Залдар салудан басқа, біз аула аумағын абаттандырамыз, футбол алаңдарын саламыз. Ең бастысы - балаларға спортпен шұғылдануға мүмкіндік беру», – дейді «ВОКК» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының директоры Тимур Райымбеков.