Қарағандының оңтүстік шығысындағы Құрылысшылар даңғылы бойында орналасқан №19 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында спорт құрылылғылары, шағын сәулеттік формалар, жарықшамдар мен балаларға арналған сырғанақтар бой көтерді. Жаяу жүргіншілердің жолдары, автокөлік тұрағы салынды.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыстар «Жергілікті аймақтарды абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасының қаржысына жасалды. Тапсырыс беруші - Қазыбек би ауданының әкімдігі. Мердігер - ТОО «Ассар.kz». Ермеков, Можайский, Карбышев көшелеріндегі аулаларды және музыкалық комедия театрының айналасын абаттандырумен дәл осы мердігер ұйым айналысады.