Шамдарды жағу қалалық әкімдіктің әлеуметтік желілерінде жүргізілді.
Мерекелік шара жаңа жылдық фильмдер мен мультфильмдердің әуендерімен сүйемелденді. Аяз ата мен Ақшақар шыршаға әдемі шанамен келді. Тәуелсіздік алаңындағы импровизацияланған сахналық подиумда олар ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алды. Өткен жылдың нышаны – тышқан барлығымен амандасып, бұқаға жол берді.
Жыл сайын қаланың бас шыршасына от жағу құрметі оқуда, спортта және шығармашылықта жақсы нәтижелерге қол жеткізген үздік оқушылардың біріне тапсырылады. Бұл жолы ол №58 жалпы білім беретін мектептің төртінші сынып оқушысы, көптеген байқаулардың жеңімпазы және «100 үздік дарынды оқушы» атағының иегері Бақтыгерей Нұрфуатқа берілді.