Қазіргі таңда тұтану көздерін толықтай сөндіру және көмірі бар жыныстардың қайта тұтануына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өртті ауыздықтау бойынша барлық шараларға қажетті тау-көлік құралдары мен кәсіпорын мамандары жұмылдырылуда.
Еске салайық, 2019 жылдың 19 тамызында 15:40-та «Шұбаркөл көмір» АҚ «Батыс» разрезінде таудан 450 метр қашықтықта ПК13 көмір ойығында өрт шыққаны тіркелді. 20 тамызда сағат 08:00-де өрт көмірі бар жыныстарда тұтана бастаған. Өрт ошағын ауыздықтау және оны сөндіру бойынша шаралар жүргізілді.
Автор: Агата Мухамеджанова