Қарағандыда белгісіз біреу ірі мейрамханаға «жарылғыш зат қойды»

ҚАРАҒАНДЫ. 6 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағандыда белгісіз біреу ірі «Айса» мейрамханасына «жарылғыш зат қойды».

Бұл туралы Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Сенбі, 5 қарашада сағат 18.23 сағатта ІІД жедел басқару орталығына Чкалов көшесіндегі «Айса» мейрамханасының ғимаратында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті», - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Хабарлама жалған болып шықты. Жүргізілген арнайы шаралар кезінде жарылғыш зат табылмады.

ТЖД қанша адамның қауіпсіз жерге шығарылғаны жайлы хабарлаған жоқ. Арнайы іс-шараны жүргізушілердің айтуынша, мейрамханада ол кезде сол жердің қызметшілері ғана болды.