Қарағандыда белгісіз біреулер балалар алаңына 72 пышақ қадап кеткен

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағандының тұрғыны балалар алаңында жерге қадалған 72 пышақты байқап, дабыл қаққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД мәлім еткендей, 21 шілде күні таңғы 09:00-де жедел басқару орталығына Республика даңғылы, 4-ші үйге қарасты «Диана» аялдамасының бойында орналасқан балалар алаңындағы гүл бағынан пышақтардың басы көрініп тұрғаны туралы хабарлама түскен. Жедел тергеу тобы фактіні растады. Оқиға орнынан 72 пышақ табылды. 

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы анықталмағандықтан, материалды номенклатуралық іске жатқызу туралы процесуалдық шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар