Қарағандыда білім берудің мемлекеттік стандартын әзірлеу мәселесі бойынша республикалық семинар өтуде
13:01, 17 Маусым 2010
ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің технология колледжі базасында бүгін білім берудің мемлекеттік стандартын әзірлеу мәселесі бойынша екі күндік семинар басталды.
Бұл туралы облыстық білім беру басқармасынан хабарлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс -шараның мақсаты қазіргі таңда туындап отырған мәселелерді талқыға салу, оқыту, тәжірибе алмасу.
Семинарға білім берудің мемлекеттік стандартын, білім беру бағдарламаларын, жалпы және арнайы пәндерге арналған оқу бағдарламаларын құрастырушы авторлар, сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіби білім беру департаментінің өкілдері мен әлеуметтік әріптестер қатысты.