Қарағандыда бір ауданның халқы электр жарығынсыз қалды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласы Октябрь ауданының тұрғындары электр жарығының өшуіне қатысты шағымдануда. Қызмет көрсетуші компания бұл ауданда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарағанды Жарық» ЖШС басшылығы «Сантехникалық-Жаңа Майқұдық» ӘЖ - 35кВ 1, 2-ші тізбегінде найзағайдан қорғаутросын ауыстыру жұмыстары жүргізілуіне байланысты Қарағанды қаласыныңОктябрь ауданында электр энергиясының жоспарлы түрде өшірілгенін хабарлады.

2019 жылға жоспарланған жөндеу жұмыстарының кестесіне сәйкес, 2019 -2020 жылғы жылыту маусымына дайындық жүргізу үшін Қарағанды қаласы Октябрь ауданының (Майқұдық) тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтаудықамтамасыз ету мақсатында «Сантехникалық-Жаңа Майқұдық» ӘЖ - 35 кВ 1, 2-ші тізбегіндегі арқандарды найзағайданқорғауы тиіс.

Жөндеу жұмыстары барысында қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Сантехникалық-Жаңа Майқұдық» ӘЖ - 35 кВ екітізбегін өшіру қажеттігі туындаған. Бұл ретте: 11 а шағын аудандар, 12, 13, 14,15, 16, 17, 18, 19; 1, 2 Чапаев көшесі; Винницкая көшесі; «Умай» дүкені; 5451әскери бөлімі электр жарығынан ажыратылады. Қалың көпшілікке ыңғайсыздығын төмендету үшін электр жарығы2019 жылдың 29 шілдесінен 2 тамызына дейін түнгі уақытта 24:00-ден таңғы 07:00-ге дейін өшіріледі. Тәуліктің күндізгі уақытында электрменқамтамасыз ету қалыпты жағдайда болады», - деп хабарлады «Қарағанды Жарық» ЖШСбаспасөз қызметі.

Өткізілетін іс-шаралар алдағы жылыту маусымы кезінде тұтынушылардыэлектрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік береді жәнетехнологиялық ақаулар мен апаттық жағдайлардың туындау ықтималдығынтөмендетеді.

Соңғы жаңалықтар