Қарағандыда болашақ полицейлерді тәрбиелеу үшін кадет мектебін құру ұсынылды
«Кадет сыныптарының түлектер өсіп келе жатқан ішкі істер органдарының ұрпағы, Қарағанды заң академиясына түсуге нақты үміткерлер болуы мүмкін. Кадет курстарында балалар құқық қорғау органдарының күнделікті өмірімен, полицияның алдында тұрған талаптар және міндеттермен толық таныса алады», - деді Қарағанды облысы бойынша ІІД кадрлық жұмыс басқармасының бастығы полиция полковнигі Ержан Уахитов қоғамдық кеңес отырысында.
Облыстың ІІД жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері жастарды саяси тәрбиелеу мәселелерін талқылады. Қазіргі ұрпақ қатыгез, ашушаң, осыған қарсы әрекет ету жолдарын іздеу керек, деп атап айтылды отырыста.
Қоғамдық кеңес кадет мектептерін құру туралы ІІД ұсынысын қолдады. Сәйкесінше хатпен ҚР ІІМ хабарласу туралы шешім қабылданды.
Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ, облыста ювеналды сот және ювеналды төрешілер санын көбейту туралы ойларын ортаға салды.