Жағалаудағы орталық мәдениет және демалыс саябағында жұмыс орнын ұсынған стендтер орналастырылды, жұмыс берушілер шақырылды. Шатырларда Жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кеңес берілді. Өткен-кеткен адамдарға жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері жайлы ақпараттық жадынамалар үлестірілді.
Ұйымдастырушылар квадрокоптерден видеотүсірілімге тапсырыс берді.
Ұйымдастырушылардың мәліметтеріне сәйкес стендтерде қаланың 189 кәсіпорны мен ұйымдарынан 1000-ға жуық бос орын ұсынылды. Жәрмеңкеге 60-қа жуық жұмыс беруші қатысты. Оның ішінде инженерлер, дәрігерлер, ұстаздар қажет. Ең көп сұраныс - электр газ дәнекерлеруші, электр жөндеуші, ұста, жонушы, автокран машинисі және т.б. бар, мәдени мекеме хормейстер іздеуде.
«Жәрмеңкеге 816 адам келді, олардың 84-і жұмысқа орналасуға жолдама алды. 289-ы түйіндеме қалдырды. 116-сы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша кеңес алды», - деген қорытынды шығарды орталық.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес шартты түрде сотталған, бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан 23 адам жұмысқа жолдама алды.