13 қыркүйек күні Жаңа Майқұдық полиция бөліміне 23 жастағы қала тұрғыны хабарласты. Келіншектің айтуынша, 26 жастағы бұрынғы күйеуі әйелмен ұрысып, оған зақым келтірген, артынша бір жасар қызын алып кеткен.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы («Адам ұрлау») 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді.
«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері баланы тауып, анасына қайтарды. Полицейлер 26 жастағы күдіктіні ұстау шараларын жүргізді», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр.