Қарағандыда Чак-Чак Байрам мерекесі атап өтілді

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласындағы Достық үйінде Қазақстандық татар және башқұрт конгресінің өкілдері Чак-Чак Байрам мерекесін атап өтті. Мерекеге басқа да этномәдени бірлестіктердің өкілдері шақырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекенің басты тақырыбы Ұлттық Чак-Чак десерті болды. Оны әр түрлі нұсқаларда дайындалған үлгілері ұсынылды. Қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлер мен татар киімдері көрсетілді. Концерттік бағдарламаға ұлттық әндер мен билер кірді.

Жиналғандарды Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын құттықтады.

«Этностық мерекелер әрқашанда түрлі этностар мен діни наным-сенімдер адамдарының қарым-қатынасына ықпал етті. Бірыңғай тату отбасында біз бірге елдің игілігі мен өркендеуі үшін жаңа Қазақстанды құрудамыз», - деді ол.

Мереке соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Шамиль Осин белсенді қонақтарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.

Соңғы жаңалықтар