Қарағандыда Чижевскийдің Мәскеуден жеткізілген картиналарының көрмесі ашылды

Қарағанды. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында кезінде «халық жауы» атанған ғалым Александр Чижевскийдің картиналарының ерекше көрмесі ашылды, деп хабарлайды 'ҚазАқпарат'.

«Бұл көрмені ғалым туралы аз да болса білетін азаматтардың барлығы күтті. Қарағанды көшелерінің бірі аэроинификатор, электрогемодинамика, құрастырушы, ақын, суретші, ғарыш биологиясы мен гелиобиологияның және ғарыштық жаратылыстану саласының негізін қалаушы Чижевскидің есімімен аталады. Өкінішке орай, оның өмірінің ең бір қасіретті жақтары да осы Қарағанды қаласымен байланысты»,-деді музей қызметкері Александр Гехт суретшінің туындылары туралы айта келе.

Ол Сталиндік қуғындау кезінде «халық жауы» атанған ғалымның өзінің өмірін Карлагта қамауда өткізгендігін жеткізді. Ал, қамаудан босаған 1950 жылдары Чижевский тағы бірнеше жыл Қарағандыда өмір сүріп, зертханаларда жұмыс істеген. Кейніннен оған Мәскеуге оралудың мүмкіндігі туды.

«Чижевскийдің картиналарының көрмесі алғаш рет Қарағандыда 1980 жылы өтті. Экспозицияны бүгінде марқұм болған оның жары Нина Вадимовна Эвдокимова ұйымдастырды. Содан бері міне, 36 жыл өтті. Қарағандылықтарға бүгін белгілі суретшінің туындыларын тағы бір рет тамашалаудың сәті түсіп отыр. Бұл жолы көрмені Чижевскийдің мұрасын насихаттап жүрген «Гелиос» қоры ұйымдастырды.