30 тамыз күні таңертең Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне қаладағы дәмханалардың бірін тонап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп жеткен.
Куәгерлер таңертең жұмысқа келгендерін айтты. Бөлмені желдету үшін олар жалпы залдың терезесін ашып, өз істерімен айналысқан. Белгісіз біреу ашық терезені пайдаланып, дәмханаға кіріп, кассадан 1 млн 700 мың теңге ұрлап кеткен.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 31 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінде.