Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицияның берген ақпараты бойынша, оқиға 6 мамырда шамамен сағат 20.30-да Қарағанды қаласының Волгодонская көшесі бойынша орналасқан дәмханасында орын алды.
«Полиция қызметкерлері күдіктілерді ізін суытпай қолға түсірді. Олар 26 және 30 жастағы Астана қаласының екі тұрғыны мен 35 жастағы қарағандылық болып шықты. ҚР ҚК-нің 257 бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген облыстық ІІД-нің таратқан хабарламасында.
Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.