Қызметті құжаттардың дайын екендігі туралы SMS-хабарлама алғаннан кейін жеке сілтеме бойынша рәсімдеуге болады. Келіскен жағдайда клиент хабарламадағы сілтеме бойынша өтеді және жеткізу мекенжайын толтырады. Бұдан әрі қызмет құнын төлеу қажет. Бүгінгі күні қала шегінде ол 970 теңгені құрайды. Курьер поштаны тапсырыс берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жеткізеді.
«Біз қызмет көрсету үдерісі барынша қолайлы болып қана қоймай, дайын құжатқа қайта келу қажеттілігі туындамауы үшін қосымша сервистер құрамыз. Адамдардың жұмыстан кетуге, қайта келуге немесе балаларды үйде қалдыруға әрдайым мүмкіндігі бола бермейтінін білеміз», – дейді Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінің басшысы Қуаныш Сейітханов.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың сәуір айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында дайын құжаттарды жеткізу қызметін іске қосты. Енді бұл қызмет Қарағандыда да қолжетімді.