«Екі ер адам өздігінен облыстық медициналық орталыққа келген. Науқастар токсикология бөліміне жатқызылды. Зертханалық зерттеулер долана тұнбасынан улануды растаған жоқ. Алкоголь суррогаттарынан улану диагнозы қойылды», - деп пікір білдірді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Оның айтуынша, пациенттер қазір стационарда ем қабылдауд. «Оларды ертең үйге шығару жоспарланған», - деп толықтырды Айжан Иса.
Бұған дейін БАҚ-тар «Қарағандыда екі ер адамның долана тұнбасын қабылдап, ауруханаға жатқызылғанын» хабарлаған еді.
Еске сала кетсек, желтоқсан айында Ресейдің Иркутск облысында жуыныуға арналған «Боярышник» концентратынан жаппай улану орын алды. Салдарынан 76 адам көз жұмып, 123 адам зардап шекті.