келеңсіз жағдай салдарынан екі жасар бүлдіршін қаза тауып, үш жасар бала зардап шекті. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Полиция таратқан мәлімдемеге сүйенсек, екі ұл бала да терезеден байқаусызда құлап кеткен. Бір жағдайда москитті тор жыртылып кетсе, екінші жағдайда бала тормен бірге құлаған.
«Сенбі, 9 сәуірде Қарбышев көшесінің бойындағы үйдің жетінші қабатындағы пәтер терезесінен екі жасар бала құлап кетіп, алған жарақаттарынан қаза тапты. Баланың қамқоршысы 54 жастағы кемпір екен», - делінген ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Осы секілді оқиға 10 сәуір күні Майқұдық ауданындағы 18-ші ықшамауданда болды. Полицейлердің хабарлауынша, екінші қабаттағы пәтер терезесінен үш жасар бүлдіршін құлап кетті. «Зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлықтай», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.