Апат 24 ақпанда «Қарағанды арена» мұз сарайының жанында болған.
«Мерседес» автокөлігінің 46 жасар жүргізушісі Республика даңғылымен Волочаевская көшесіне қарай келе жатып, 36 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Киа» автокөлігімен соқтығысқан», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде «Мерседес» автокөлігінің 81 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, екі автокөліктің үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.
«4 адам зардап шеккен. 1 зардап шегуші жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Қалған 3 адам проф. Х. Ж. Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. 1 зардап шегушінің жіліншігінде ашық сынық, бел омыртқасының жабық сынығы анықталды. Тағы 1 зардап шегуші бұғанасының жабық сынығымен келіп түсті, 1 зардап шегуші амбулаторлық емдеуге жіберілді», - деді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Аталған дерек бойынша ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.