Қарағандыда екі зейнеткер көлік астына түсіп, мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда екі адамды автомобиль қағып кетті. Олар оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Көлігімен артқа шегінбек болған жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Олар алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында мерт болды», - деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Жол оқиғасынан көз жұмғандар зейнеткерлер екендігі айтылды. Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.