Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланды.
Полицияның берген ақпаратына сәйкес, жол-көлік апаты Қарағандының «Голубые пруды» шағынауданында сәуірдің 17-сіне қараған түні болды.
«Тойотаның» 21 жастағы жүргізушісі жолдан өтпек болған 43 жасаты ер адам мен 33 жастағы әйелді қағып кетті. Жол-көлік апатының салдарынан екі жүргінші де оқиға орнында көз жұмды», -делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өлімге әкеліп соқтырған жол-көлік апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.