Қарағандыда еліміз бойынша ең ірі көтерме-тарату орталығы ашылады

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Альфарух» ЖШС көтерме-тарату орталығының құрылысымен танысты, деп хабарлайды өңір басшысының сайты.

Бұл нысан елдегі жаңа үлгідегі ең ірі технологиялықалаң болады.

Логистика саласындағы заманауи кәсіпорын «Солтүстік –Оңтүстік» ағындарын ауыл шаруашылығы өнімдерімен сауда үшін байланыстыруғамүмкіндік береді. Сауда алаңының ашылуын жеткізушілер мен тұтынушылартағатсыздана күтуде. Фермерлер бұл орталықта өз өнімдерін делдалсыз сата алады.Ал қалалықтар маусымдық баға өсіміне қарамастан арзан жеміс-жидектер менкөкөністер сатып ала алады.
Аймақ басшысы жобаның әлеуметтік маңызы бар екенін атап өтті. Азық-түлікқауіпсіздігі міндеттрін шешумен қатар, бұл отандық тауар өндірушілерді қолдаужәне жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жоба.
Ерлан Қошанов инвестормен құрылысты аяқтау және нысанды іске қосу мәселелерінталқылады.
Естеріңізге сала кетейік, көтерме-тарату орталығының құрылысына қаланың жаңа орталығындаауқымды жер телімі бөлінген болатын. Бұл аумақта әртүрлі климатты және құрғаққоймалар, түрлі температуралық режімі бар камераларды қамтитын қойма терминалдарысалынған. Бірегей кросс-доктар – жабық павильондар салынды, онда бір мезгілде164 жүк көліктері орналасуы мүмкін. Үй-жайлар желдетілетін және жылытылатынболады. Алғашқы болып осындай жүйені елімізде қарағандылықтар енгізді. Соныменқатар көтерме және бөлшек сауда үшін үлкен жабық базар салынуда.
Жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. «Бизнестің жол картасы» бойынша инвесторғанесие берілген болатын. Ал қажетті коммуникацияларды, оның ішінде теміржолдарды жүргізу мемлекет тарапынан қаржыландырылады.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде фермерлер мен олардың өнімдерінсатып алушылар үшін электрондық сауда алаңы құрылатын болады. Жеткізушілердіңыңғайлылығы үшін сол жерде кедендік аймақ ашылмақ.

Соңғы жаңалықтар