Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі 3-тармағы (адам өлтіру) бойынша А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, ішімдік ішкен ер адам 70 жастағы көршісіне барып, ішімдік сұраған. Бірге ішімдік іше отырып, А. өзін жайсыз сезініп, еденге құсқан. Осы әрекеті үшін зейнеткер көршісі оған балағат сөздер айтқан. Жәбірленушінің айтқан сөздеріне намыстанған А. оны өлтірмек болып, шалбарының белбеуін шешіп, оны мойнынан буындырып өлтірген.
Соттың үкімімен А. ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі 3-тармағы (адам өлтіру) бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде жазасын өтейтін болады.