Облыстық ІІД дерегі бойынша, 11 шілдеде сағат 09.00-де Қарағанды ІІБ Октябрь ПБ кезекшілік бөліміне теміржол бөлігінде орталық тораптың маңында ағашта ер адамның денесі ілініп тұрғаны туралы хабар түскен.
Бұл туралы осыны байқап қалған кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғындар хабарлаған.
«Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тіркеліміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», - деді өңірлік ІІД өкілдері.
14:30, 19 Шілде 2018
Қарағандыда ер адамның денесі ағашта ілініп тұрған
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда ағашқа асылып тұрған ер адамның денесі табылды. Оны сол маңда кетіп бара жатқан кездейсоқ тұрғындар байқаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.