Қарағандыда эскалатордан ер адамды теуіп құлатып жіберген
23:16, 17 Сәуір 2023
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қараған қаласында эскалатормен түсіп бара жатқан ер адамды бейтаныс біреу арқасынан теуіп жіберді. Жартылай жығыла баспалдақпен төмен жүгірген ер адам, еденге құлағанда есінен танып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға қаладағы «Сити Мол» сауда үйінде болған.
«Қарағанды қаласының 25 жастағы тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді.
Полиция қызметкерлері жүйке жүйесінде ақауы бар 31 жастағы тұрғынды анықтап, оны психоневрологиялық диспансерге орналастырды», - делінген полиция хабарламасында.