Қарағандыда EXPO көрмесіне ерекше киімдер топтамасы әзірленуде
«Олар көйлектердің етегіне ұлттық ертегілер мен поэма кейіпкерлерін бейнелеуде. Осылайша, кеншілер қаласында сән үйі ашылды. Онда ұлттық нақыштағы киімдерден бөлек, іскер әйелдерге арналған бірқатар эксклюзивті үлгілер де дайындалады», делінген жазбада.
Қазір іскер әйелдерге арналған эксклюзивті киім түрлерін шығаруға бел байлап кірісті. Ісмерлер әрбір үлгіге жоғары талаппен қарайды. Сапалы мата, бірігей дизайн және көздің жауын алатын аксессуарлар қолданады. «Біздің киімдер ұлттық нақышта жасалады. Классикалық стильде тігілген костюмдер іскер әйелдерге арналған. Ал көлік жүргізетін нәзік жандыларға көлікте отыруға ыңғайлы белдемшелер мен пиджактер тігіп шығаруды көздеп отырмыз», дейді кәсіпкер Ирина Нечаева
Кәсіпкерлер қазір EXPO көрмесіне дайындалып жатыр. Олар халықаралық көрмеге бірқатар ұлттық нақыштағы бірегей көйлектер топтамасын апармақ. Ең әдемі үш көйлекте Астана, Алматы мен Қарағанды қалалары бейнеленеді. «Біз киімдердің басым бөлігіне қазақстандық суретшілердің туындыларын алып, бейнелейміз. Көйлектерді ертегілер кейіпкерлерімен, еліміздің қалаларымен бедерлейміз. Сондай-ақ түрлі маталарды үйлестіріп, қызықты да әдемі киімдерді тігеміз», дейді кәсіпкер Светлана Нечаева.
Кәсіпкерлер Іскер әйелдер қауымдастығына мүше. Ерекше киім үлгілерін ең бірінші болып қауымдастық өкілдері көреді. Бастапқыда кішігірім ателье ашылып, 5 тігінші жұмыспен қамтылады.