Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында Бұқар жырау ауданындағы шаруа қожалығының ісін әшкереледі.
Шаруа қожалығы «Агробизнес» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық кредит корпорациясынан» асыл тұқымды жылқы сатып алуға 26 млн теңге несие алған. Сөйтіп бұл қаржыны мақсатсыз пайдаланған.
Қазіргі таңда анықталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.