Қарағандыда ғарышты игерушілерге арналған ескерткіш ашылды

None
22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағандыда алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин атындағы алаңға ғарышты игерушілерге арналып ескерткіш ашылды.

Ашылу рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаев, Қазақстандағы РФ Елшілігінің кеңесшісі Александр Травин, американдық астронавт Майкл Беккер қатысты.

«Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойында біз адам баласының ғарышқа ұшқанына 50 жыл толуына байланысты бұл тамаша ескерткішті ашып отырмыз. Ол ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді бейнелейді. Бұл ескерткіш - адамзаттың ұлы жетістігін жасаған барлық ұрпақтар мен елдердің ерлігі мен қаһармандығына құрмет. Бұдан басқа, бұл ескерткіш - біздің еліміздің ғарышты игеруге қатысқандығы туралы ескерту. Сондай-ақ, менің ойымша, ол біздің еліміздің болашаққа ұмтылуының белгісі болады», - деді С.Ахметов.

«Қазақстанда ғарыш игерушілерге арналған ескерткіш алғаш рет ашылды», - деп атап өтті Т.Мұсабаев. «Мен бүгін Қарағанды жерінде осындай ескерткіштің ашылғанына өте ризамын. Мұнымен тек Мәскеу қаласындағы Ю.Гагаринге арналған ескерткішті салыстыруға болады», - деді ол.

Американдық астронавт М.Беккердің пікірінше, Қарағандыдағы монумент ғарыш кеңістігін бірігіп игерге мақтанышты көрсетеді.

Ескерткіш авторлары - қарағандылық сәулетші Мұрат Байсбай және Астананың мүсіншісі Асқар Нартов. Мүсіндік композицияның жалпы биіктігі 40 метрге жуық. Монументті жасаған кезде металл: алюминий, тот баспайтын құрыш, нитротитан және тастар: гранит және габра қолданылды. Ғарышкер мүсіні - бұл жоғары нәтижелерге қол жеткізген адамның жинақтау образы. Жалпы алғанда композиция ғылым, техника, ілгерілеу, бүкіл адамзаттың жетістіктері тақырыбын қамтып көрсетеді. Ең жоғарыда орналасқан жұлдыз адамзаттың өз алдына қойған жоғары мақсатты бейнелейді», - деп баяндады М.Байсбай.

Ескерткішті орнату үшін 100 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Оның ішінде 80 млн. астамын демеушілер бөлді.

Естеріңізге сала кетейік, ғарыш игерушілерге арналған мүсіндік композициясының құрылысы орнына белгітасы 2011 жылдың 12 сәуірінде, адамның ғарышқа ұшуының Халықаралық күні қойылды.