Қарағандыда ғарыштық мониторингте анықталған 12 рұқсатсыз қоқыс тастайтын жер жойылады

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі және өңірдің 20 мыңнан астам тұрғыны «Бірге - таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүкіл ел бойынша ашылған эко-челленджгеҚарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов та қолдау көрсетті. Өңір басшысыныңбастамасымен жаппай экологиялық сенбілік барлық қалалар мен аудандарда өтті. Ауқымдытазалық шарасына шенеуніктер, депутаттар, бизнесмендер, еріктілер мен қоршағанортаға бей-жай қарамайтын азаматтар шықты.

Ерлан Қошанов челлендждің қоғамдыбіріктіруге және әртүрлі идеяларды ілгері тартуға септігін тигізетін бейресмитәсілі екенін атап өтті.

Табиғи ресурстар және табиғатпайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Төлепбаевтың айтуынша, текҚарағандыда ғана акцияға шамамен 7 000 адам қатысып, 4 тонна қоқыс шығарылған. Облысқалалары мен аудандарында су қоймалары мен жол бойындағы аумақтар қоқыстантазартылды, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлері жойылады. Бұл жұмысқаоблыс бойынша барлығы 20 мыңнан астам адам қатысты.

«Облыс орталығында экологиялықсенбілік алты нысанда өтеді. Федоров су қоймасының жағалауы, Кіші Бұқпаөзенінің арнасы, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына іргелес аумақ реткекелтірілетін болады. Сондай-ақ тазарту жұмыстары мемлекеттік орман қорыаумағында жүргізіледі. Бұдан басқа, «Ғарыш сапары» бағдарламасы бойыншағарыштық мониторинг көмегімен анықталған 12 рұқсат етілмеген қоқыс орныжойылады. Осындай акциялар облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтеді.Самарқанд, Кеңгір су қоймалары, Балқаш көлі, он өзен арнасы тазартылады», -деді ол.

«Қоғамдық тазалықшылар десантыФедоров су қоймасының қалалық жағажайына барды. Жазғы ыстықта қала тұрғындары бұлорынға көптеп жиналады, демалушылар көбінесе қоқыстарын тастап кетеді. Көктемгісенбіліктер кезінде жағалаудан 53 жүк көлікпен қоқыс шығарылды, ал жаз басталғанненбері ай сайын бұл маңнан 10 жүк көлігі толы қалдық жиналады», деді Қазыбек биатындағы аудан әкімі Татьяна Шатохина.

«Менің ойымша, мұндай акциялар біркүн ғана жасалып, ұмытылып қалатын шара емес. Міндетті түрде қандай да бір ізінқалдырады. Өкінішке орай, бізде әлі де адамдарға экологиялық мәдениетті баулып,тәрбиелеу керек – ұзақ уақыт бойы халық табиғатқа, тазалыққа және тәртіпкебейжай қарап келді. Ал қазір біз осының бәрі біздің мекен етіп отырған жеріміз екенінтүсініп, қоршаған ортаны қорғау үшін қолдан келгенді жасауымыз керек. Бүгін ментемекі тұқылдарын жинадым, бірақ олардың барлығын жинау мүмкін емес. Бұл менүшін қиын емес. Егер менің біреудің соңынан қоқысын жинап жатқанымды көрерболса, ол адам келесі жолы қоқысты лақтырмас бұрын ойланады, темекісін жергетастамайтын болады. Осының барлығы жай ғана бір нәрсе істедім деп мақтану үшінемес. Біртіндеп адамдар тазалыққа осылай үйренеді», - деп есептейді экосенбіліккеқатысушысы, Қарағанды облысының құрылысшылар қауымдастығының директоры НайляҚайырбекова.

Естеріңізге сала кетейік, #Birge#TazaQazaqstan экологиялық сенбіліктері бүкіл еліміз бойынша өтуде. АкцияныМемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен министрлеркабинетінің мүшелері қолдады.

Соңғы жаңалықтар