Қарағандыда газ баллонынан шыққан өрттен 52 жастағы азамат зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. 15 тамыз. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтердің бірінде газ баллоны өртеніп, 52 жастағы азамат зардап шекті, деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

«Өткен сенбі күні сағат 19.08-де Қарағанды қаласы Октябрь ауданы 23-шағынауданындағы үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түседі. Анықталғанындай, 27 литр сыйымдылықтағы газ баллоны жарылған. Пәтер иесі өртті өзі сөндіріп алған», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.