Қарағандыда INTIZAR CUP ІІ халықаралық араб биі өнерінің фестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7-9 желтоқсанда Қарағандыда INTIZAR CUP ІІ халықаралық араб биі өнерінің фестивалі өтеді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Фестиваль шеңберінде, сондай-ақ, шеберлік сыныптары да ұйымдастырылады. Ақтық сайыста лауреаттардың, шақыртылған жұлдыздар мен қазақстандық орындаушылардың, түрлі байқаулардың жүлдегерлері және жеңімпаздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

Байқауға 4 жастан жоғары балалар, сондай-ақ ересек орындаушылар қатыса алады. Қатысуға өтініштер 1-ші желтоқсанға дейін қабылданады.

- Өткен жылы біз "INTIZAR CUP" фестиваль-байқауын алғаш рет өткіздік. Өте қатты толғаныс болды, алайда барлығы тамаша өтті. Шет елдік қонақтар да, қатысушылар да шараға көңілдері толды, - дейді фестиваль ұйымдастырушысы Александра Пак. - Енді байқау дәстүрлі болады және жыл сайын ұйымдастырылатын болады. Осы жылы біз Ресей мен Украинадан қонақтарды, сондай-ақ біздің қазақстандық араб биінің кәсіби бишілерін шақырдық. Сондай-ақ фестиваль шеңберінде өте қызықты және пайдалы шеберлік сыныптары өтетінін атап өткім келеді.

Фестивальге қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне intizarcup@mail.ru электрондық поштасына 1-ші желтоқсаннан кешіктірмей өтінім жіберу қажет. Тіркелу туралы барлық ақпаратты vse.kz сайтынан білуге болады. Анықтама телефондары: 8-702-955-22-83.

Шеберлік сыныптарын арнайы шақыртылған қонақтар мен байқаудың бас төрешілері өткізеді:

Елена Башакова (Ресей)- 2014 жылғы Украина чемпионы, IDF нұсқасының екі дәрежесі бойынша 2014 жылғы әлем чемпионы, Raks of course каирлық фестивальдің финалисі 2014-2015 жж (Мысыр, Каир), кәсібилер Лигасының нұсқасы бойынша 2015 жылғы Украина чемпионы, "New York Cairo Festival" Тәжінің иегері 2015 (АҚШ, Нью-Йорк), «Egipto en Barcelona 2016» халықаралық фестивалінің жеңімпазы (Испания, Барселона), "Budapest Cairo Festival" Тәжінің иегері 2016 (Венгрия, Будапешт), "Nile Group" тәжінің иегері 2016 (Каир, Мысыр), "Live Arabesque" тәжінің иегері 2016 (Дубай, БАӘ), сондай-ақ 'Randa Of Course" Ранда тәжінің иегері 2017 (Каир, Мысыр).

Юлия Торгонская (Украина) - Украинаның танымал хорегорафы және педагогі. «Isadora Cup» халықаралық фестивалін ұйымдастырушы және «Isadora dance Academy» студиясының жетекшісі. Көптеген халықаралық фестивальдердің жеңімпазы, 2012 Каирда өткен Ранда Камаль тәжінің иегері, «Orient Addicts» халықаралық фестивалінің жеңімпазы 2013 (Польша), «Bellyfusion» халықаралық фестивалінің жеңімпазы 2012 (Италия), сондай-ақ Бүкілукраиндық түрлі фестивальдердің жеңімпазы. «Etna Bellydance Festival» (Италия),» Summer Bellydance Festival» (Нидерланды), «Yalla Raqs» (Италия), «World Bellydance Convention» (Оңтүстік Корея), «International Bellyfusion Festival» (Италия), «Oriental Carnival» (Польша) секілді халықаралық фестивальдердің оқытушысы.

Евгений Стрельников (Россия) - танымал ресейлік мультиперкуссионист, шығыс ырғақтары саласындағы сарапшы және тренер. Шығыс билеріне арналған екі музыка альбомдарының авторы. «Хайям» (Мысыр-Ресей) Таяу Шығыс музыкасы ансамблінің ресми соло-барабаншысы. Көптеген музыкалық жобаларға қатысушы. Дүниежүзі бойынша әйгілі керамикалық дарбука шығаратын «Evgeny Percussion» танымал брендінің иесі. Евгений дәстүрлі музыкалық аспаптарды, сондай-ақ заманауи технологияларды.