ІІМ өкілінің атап өтуінше, Қарағандыда ауғандық есірткіні тасымалдау арнасының жолы кесілді. Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және Тергеу комитеттерінің қызметкерлері облыстың жол полициясымен бірлесіп, «Қарағанды-Үштөбе» автожолының қиылысында «ВАЗ-2101» автокөлігін тоқтатқан. «Тексеру барысында жолаушылардың бірінен жалпы салмағы 7 келі болатын бумаларға оралған героин бар картон қорабы табылды», - деді ол.
13:59, 20 Шілде 2011
Қарағандыда ірі көлемде ауғандық героин тәркіленді
АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қарағандыда ірі көлемде ауғандық героин тәркіленді. Бұл туралы бүгін елордада ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.