15 қыркүйек күні Абай ауданы полиция басқармасының Топар полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында азаматтың мәйіті табылды. Ол ҚР ҚК 106-бабы 3 бөлімі бойынша «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» деген күдікпен ұсталған болатын.
«Оқиғаның болғанын растаймыз. Тергеу амалдары басталды», - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, аталған фактіге қатысты қызметтік тексеріс жұмыстары жүргізілуде.