«27 наурызда Қарағандының Октябрьский ауданында «КамАЗ» жүк көлігінің 55 жастағы жүргізушісі жолдың жиегінде жүрген 11 жастағы баланы соғып кетті. Жол-көлік апаты салдарынан жарақаттанған бала оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды.