Рейд барысында сағат 22.00-ден кейін жұмыс істейтін кафелер мобильді топтың ерекше бақылауында болды.
Сондай-ақ, кальян клубтары, барлар, сауналар, техникалық қызмет бекеттері тексерілді.
Тексеру барысында белгілі болғанындай, жекелеген кәсіпкерлер карантиндік талаптарды елемейді және 22.00-ден кейін жұмыс істейді.
Рейд кезінде сыйым салынғанына қарамастан, кальян «Hookah House» ашық болды, түнгі уақытта «Хан» сауна, «Ажур», «Азия», «Nell' s After work bar» кафелері, «Сәлем» азық-түлік дүкені (Ержанов к-сі, 39/2) және ТҚС (Асфальтная к-сі, 26) жұмыс істеді.
Енді аталған бизнес нысандарының басшыларына 640 мың теңге (230 АЕК) көлемінде айыппұл салынады.
Полиция қызметкерлері карантиннің талаптарын көбіне көңіл көтеру орындары елемейтінін атап өтті.