28 қараша күні Қарағанды қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицияның Оңтүстік-Шығыс бөлімінің қызметкерлері сағат 23:15-те карантин режимінің шектеу шараларын бұзған караоке клубын анықтады.
Көңіл көтеру орнын тексеру кезінде 26 жастағы күзетші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-тармағы негізінде («Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау») әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материал соттың қарауына жіберілді.
3 желтоқсан күні Қарағандының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен тәртіп бұзушы екі тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.