Қарағандыда кәріз құдығынан құтқарылған екі адам ауруханада қайтыс болды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда кәріз құдығына құлап, құтқарушылар алып шыққан екі ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәріз құдығынан шығарылған екі ер адам Мақажанов атындағы облыстық травматология жәнеортопедия орталығының жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Жүргізілгенреанимациялық іс-шараларға қарамастан, зардап шеккендердің екеуін де құтқарумүмкін болмады»,-деп түсіндірді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасыныңбаспасөз қызметі.

Ауруханаға ерадамдар клоач газымен (күкіртсутек және аммиак) улану диагнозымен жеткізілген еді.

Еске сала кетейік, кеше түнде 59 жастағы қарағандылық кәріз жүйесін тазартпақ болып,сол құдыққа құлап кеткен болатын. Оны құтқару үшін құдыққа ұлы мен көршісі түскен. Алайда, олар өз күшімен кәріз ағынынан шығаалмады. Нәтижесінде үш ер адамды Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері алыпшықты. Үй иесінің ұлы оқиға орнында жан тапсырды.