Қаскөйлер оқиға орынынан автокөлікпен іздерін жасырған. Күдіктілердің бірі өздерінің ізіне түскен полиция қызметкерлеріне қару қолданып, қашып кетпекші болған. Оны ұстау барысында жедел уәкілдің бірі жараланды.
Аталған дерек полицияда тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау бойынша жедел іс-шаралар атқарылуда.