Полицияның берген ақпараты бойынша, оқиға қаланың ортасындағы Бұқар жырау даңғылында 28 қарашада сағат 11. 00-де болған.
«Қарағанды ІІБ Михайловский бөлімшесіне ЖШС-нің 29 жасар директоры шағым түсірген. Жәбірленушінің айтуы бойынша, белгісіз біреулер «Тойота-Камри» маркалы көліктен 3,6 млн. теңге ұрлап кеткен», - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.
Осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 175 бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.