Атап айтқанда министр жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, қатерлі ісіктер, гемофилия сияқты күрделі ауруларды емдеу үшін инъекциялық биотехнологиялық құрылғылар өндіруге бағытталған «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС жұмысымен танысты.
«Биылғы жылы кәсіпорыннан қатерлі ісік пен қан ұюды емдеуге арналған екі түрлі дәрі өндіріледі деп күтілуде, қазіргі кезде дәрілер тіркелу үстінде. Дәрілер шектеулі технология трансферті бойынша белгілі әлемдік фармакологиялық брендтер аймағында өндіріледі. Бұл әзірге елімізде күрделі технологиялық жоспар бойынша биотехнологиялық дәрі-дәрмек өндіретін алғашқы кәсіпорын»,-деп атап өтілген ҚР ДСМ хабарламасында.
Кәсіпорын директоры Сергей Баронның айтуынша, сапасы жағынан шетелдік өнімдерден кем түспейтін, өз елімізде өндірілген дәрілердің бағасы біздің науқастарға қолжетімді бағамен берілмек.
Министр өндірістік үрдіспен жеке танысып, халықты бағасы қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету маңызды екендігін атап айтты.
Сондай-ақ ол өз кезегінде тұтынушға қажетті дәрі-дәрмекті тез арада өндіруге қатысты мәселені шешу үшін көмектесуге уәде берді. Ол аталған кәсіпорын тиімді, әсері жоғары, күшті дәрілік заттар өндіруге баса назар аударады деген сенімімен бөлісті.
18:52, 13 Сәуір 2017
Қарағандыда қатерлі ісік пен қан ұюды емдеудің дәрілері өндіріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қарағанды облысына сапары барысында бірқатар денсаулық сақтау нысандарына, мемлекеттік және жеке клиникаларға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.