Қарағандыда қатты жел 4 мектептің шатырын зақымдады
11:48, 20 Желтоқсан 2013
ҚАРАҒАНДЫ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағандыда қатты желдің салдарынан сегіз ғимараттың шатырына зақым келді, деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
«19 желтоқсан күні қатты желдің салдарынан Қарағандыда 12 және 17 шағын аудандардағы үш тұрғын үйдің шатырына зақым келді. Зелинский көшесінің бойындағы кітапхана ғимараты шатырының 80 шаршы метр аумағы зақымданды. №51 орта мектепте 10 шифер жұлынып кетті, №12 орта мектепте 6 шифер желмен ұшса, №54 орта мектепте 30 шаршы метр аумақтың шифері зақымданып, 6 әйнек сынды, №134 орта мектепте 10 шифер жұлынып кетті», - делінген хабарламада.