Қарағандыда қаза тапқан кеншілерді еске алуға арналған турнир өтуде

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 11 ақпанда Қарағандыда Еңбек Ері, шахтер Яуда Мұсағалиевті еске алуға арналған жеңіл атлетикадан республикалық турнир басталды. Биылдан бастап турнир қаза тапқан кеншілерді еске алу мақсатында өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аңызға айналған Қарағанды кеншісі Яуда Мұсағалиевтің құрметіне алғашқы біріншілік 1976 жылы өтті және дәстүрге айналды. 2022 жылдан бастап турнир біздің аймақтың кәсіпорындарында қаза тапқан кеншілерді еске алу үшін өткізіледі.

11 және 12 ақпанда жеңіл атлетикалық Аренада өтетін біріншілікте. Қатысушылар Нұр-сұлтан, Петропавл, Көкшетау, Есіл, Теміртау, Абай, Саран, Шахтинск, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысының Саумалкөл ауылынан келді. Олар биіктікке және ұзындыққа секіру, ядро итеру, 50, 300, 600, 1500, 3000 метр, 50 м кедергілермен жүгіру және эстафеталар сияқты түрлерде жеңіс үшін күресетін болады.

Кезінде бұл турнирге Олимпиада ойындарының спортшылары Анна Тарасова (Сидней 2000 ж.), Гарифа (Мұхамедсадықова) Куку (Сидней 2000 ж.), Вячеслав Муравьев (Пекин 2008 ж., Лондон 2012 ж.), Ольга (Блудова) Сафронова (Лондон 2012 ж., Рио-де-Жанейро 2016 ж.), Александра (Кузина) Романова (Рио-Де-Жанейро 2016 ж.) қатысқан.

Жарысты ұйымдастырушылар-Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Жеңіл атлетика ОРМБЖМ» КМҚК, «Қорғау» көміршілер кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі.