деп хабарлады Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстандық өнімді таңдаймыз» деген тақырыпта өтетін бұл шараны Индустрия және сауда министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС ұйымдастырып отыр. Форумға Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев қатысады деп күтілуде. Форум аясында тауар өндірушілердің көрмесін өткізу жоспарланып отыр, Қарағанды және басқа облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының кәсіпорындары өз өнімдерін таныстырады.
Бұл форумды өткізу орны ретінде Қарағанды облысы кездейсоқ таңдалып отырған жоқ, себебі аймақта қазақстандық үлесті арттыру бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Өкіметтің қолдауының арқасында облыстың кәсіпорындары ұлттық компаниялармен және жүйе құрушы ксіпорындармен жалпы сомасы 146 миллиард теңгенің 474 меморандумына отырды. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта 121,6 миллиард теңге соманың 406 келісімшарты жасалды.