Өңірлік байқау-көрмесі үш номинация бойынша өтті:«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары», «Халыққаарналған үздік тауарлар». Жеңімпаздар Астанада өтетін республикалық байқаудаоблыс намысын қорғауға барады.
Көрмеге барлығы 80 облыс тауар өндірушілері қатысты. Бұл ірікомпаниялар және «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқытылған бастаушыкәсіпкерлер.
Осы жылы көрмеге алғаш қатысушы жаңа өнімдер қатарында –Қазақстанда отқа төзімді материалдарды өндіру бойынша «Seven refractories» ЖШСзауытының өнімі. Бұл зауыт жоғары сапалы материалдар – шойын, болат, цемент,алюминий, қыздыру пештерін, сондай-ақ «Қазақмыс», «АрселорМиталл Теміртау»,«Казцинк» сияқты ірі компаниялар мұқтаж тағы басқаларын шығаратын еліміздегібірінші кәсіпорын болып табылады. Егер олар алдында отқа төзімді материалдардышетелден сатып алса, онда қазір оларды қарағандылық өндірушіден алатын болады.
Балқаштың жеке кәсіпкері Әбдікәрімова квас пен лимонадөндірісі бойынша кәсіпорынды көрме келушілерінің назарына ұсынды. «Холдинг АлтынАрна» ЖШС 13 жыл бойы полиэтилен және полимер өнімдерінің өндірісіменайналысады. Олардың сұрыпталымында жылыжай, құрылыс ауыл шаруашылық, орауышпленкалар мен тағы басқалары бар.
Қазақстанда дәмдеуіш, тұздық, тез дайындалатын сорпа,татымдылар мен кулинарлық қосымшалар нарығына ірі сауда-өндірістіккомпаниялардың бірі «Малу» ЖШС өз өнімін ұсынды. Сондай-ақ көрме қатысушыларыарасында бірнеше тоқыма кәсіпорындары да болды. Көрме қонақтары жергіліктітігілген киімдерді ғана емес, сонымен бірге алуан түрлі үйге арналған тоқыматекстилін тамашалай алды.
Сондай-ақ «Бизнес Бастау» бағдарламасының түлектері өзөнімдерін көрсетті. Олардың ішінде қымыз, жартылай фабрикаттар, сүт тауарлары,кондитер бұйымдары, ет өнімдері мен тағы басқаларын өндірушілер бар. Жергіліктіқолөнер шеберлері көптеген тәттілерді – торт, нан-тоқаш, сүт және дайын етөнімдерін ұсынды.
Гүлбаршын Мейірхан Бұқар-Жырау ауданынан келді.
- Мен өз ісімді екі жыл бұрын бастадым. Ұлттық стильдежастық, көрпе диван жабынын тігемін. Алдымен таныстарым мен ауыл тұрғындарынантапсырыс алдым. «Бастау бизнес» бағдарламасы туралы біліп, оқуға бел будым.Жуырда курсты тәмәмдап, сертификат алдым. Бүгін адмдар көбірек білсін деп өзөнімдерімді көрмеге әкелдім. Өзім ІІ топ мүгедегімін, көп бала анамын, алайдамұның бәріне қарамастан өз бизнесімді одан әрі дамыту үшін де уақыт табамын, -деді Гүлбаршын Мейірхан.
«Бастау Бизнес» бағдарламасының тағы бір түлегі ХайратАманбеов ет өнімдерінің өндірісімен айналысады.
- 2016 жылы қаладан ауылға көшіп келуді шештік. СөйтіпШахтинсктен Осакаровкаға көштік. Мұнда ет дүкені болмады, сондықтан осыкәсіппен айналысуға бел будым. Таныстарымнан «Бастау бизнес» бағдарламасытуралы естіп, оқуға бардым. Курс аяқталғаннан кейін маған 3 миллион теңгемөлшерінде несие берді. Сөйтіп дүкен сатып алып, өз ісімді бастадым. Өткен жылытағы бір микрокредит алып, қажетті жабдық сатып алғанмын. Бүгінде ісім алғабасты, біз шұжық, қазы, қақталған өнімдер шығарамыз. Екі фермамен ынтымақтастықетеміз, өзіміздің де малымыз бар. Болашақта бизнесті кеңейтуді жоспарлапотырмыз. Кәсіпкерлер палатасы бізге үлкен көмек көрсетті, - деді «Гульзан» ЖКдиректоры Хайрат Аманбеков.
Байқау-көрме қорытындысы бойынша облыс әкімінің облыстасапаға қол жеткізгені үшін сыйлық «Sary-Arka Copper Processing» ЖШСкатодты мыс өндірісі бойынша зауытқа берілді.
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясына 21кәсіпорын қатысты. Жеңімпаз «Холдинг-Алтын арна» ЖШС болды.
«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясына облыстың 24кәсіпорны қатысты. Олардың ішінде жеңімпаз «SUNPAPER» ЖШС шаруашылық-тұрмысжәне санитариялық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарының сарандық өндірушісіболды.
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясына 15 компанияқатысты. Жеңімпаз - «Малу» ЖШС.
Бұл кәсіпорындар «Қазақстанның үздік тауары» республикалықбайқауында біздің өңірдің намысын қорғайтын болады.
Сонымен бірге, бизнес қауымдастықтар, мемлекеттік органдармен қауымдастықтар жеке номинациясын да алды.
«BUSINESS–Әлеумет» Үздік әлеуметтік-бағдарлы кәсіпорын»номинациясында «ALEMGAZ» ЖШС марапатталды. «Инновациялық жоба» -номинациясында – «PROTOM» ЖШС. Бизнес үшін үздік БАҚ «Жаңа телевидение»телекомпаниясы болды. «ШОБ дамытуда жеке үлесі үшін» номинациясында НадеждаПерегон марапатталды. «Үлгілік салық төлеуші» номинациясында «Сарыарқа НанКараганды» ЖШС марапатын алды. «Қарағандының үздік экспорттық-бағыттыкәсіпорындары» номинациясын «Беммер Арматура» ЖШС жеңіске жетті.
- Кәсіпкерлер палатасы инвесторлармен және әріптестерменбайланысты реттеуге көмектесіп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғап,отандық өндірушілерді үнемі қолдайды. Ал «Қазақстанның үздік тауары» - өңіртұрғындары өндірушілермен және жергілікті өніммен танысатын негізгі алаң. Біз«Қарағандыда жасалған» маркасымен тауарларды кеңінен жарнамалау және жылжыту мақсатынкөздейміз. Жылдан жылға тауарлар мен қызметтерге тұтынушылардың талаптарыөсуде, бәсекелестік өндірушілерді асықтырады, және біз өнім сапасының артқанынкөріп отырмыз. Бұған қарағандылықтардың өзінің көзі жеткен шығар, - дедіҚарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Кульпеисов.
Еске сала кетсек, «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі2001 жылдан өткізіліп жатыр. 2015 жылдан бастап оған жеке кәсіпкерлер деқатысады. Негізгі номинациялардан басқа, қоғамдық ұйымдардан, қауымдастықтармен өңірдің бизнес-қауымдастықтарынан 7 қосымша номинация құрылды.