Қарағандыда көктайғақ кесірінен көлік жүргізушісі ажал құшты
25 қазан күні Теміртау қаласына бағыт алған 26 жастағы «Приора» көлігінің жүргізушісі «ДАФАС» автоорталығы маңында жол-көлік апатына ұшарды. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші көктайғақта рульге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына өтіп кеткен және автобуспен соқтығысқан. Ал автобус «Пежо» көлігін соққан.
Жол-көлік апатынан үш автокөлікке де механикалық зақым келді. Оқиға орнында 26 жастағы «Приора» жүргізушісі мерт болды. Өзге зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетілді. «Теміртау-Қарағанды» автожолындағы жол-көлік апаты фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты Қарағанды облыстық ІІД қызметкерлері барлық көлік құралдарының жүргізушілеріне жолда абай болуды ескертеді.
Видео опубликовано Ева Малахова-Ведущая (@malahova1986) Окт 24 2016 в 7:45 PDT