Ауа райының күрт өзгеруі Қарағандыдағы жол апаты бойынша статистиканы ұлғайтты. Көптеген автокөлік жүргізушілері жазғы шиналарын қысқыға ауыстырып үлгермеген. Нәтижесінде өткен тәулікте қалада 38 жол-көлік оқиғасы орын алды.
«27 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін 38 жол-көлік оқиғасы орын алды, оның ішінде жеті жағдайда зардап шеккендер бар. Түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге 9 адам жеткізілді», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы қыс мезгілінің басталуы қарсаңында тұрғындардан жол қозғалысы ережелерін сақтауды, жаяу жүргіншілер өткелдері орналасқан жерлерде қырағы және мұқият болуды сұрайды, ал көлік құралдарының жүргізушілеріне жазғы шинаны қысқыға уақтылы ауыстыруды ұсынады.